» » КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН КҮРЕС КҮШЕЮДЕ

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН КҮРЕС КҮШЕЮДЕ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН КҮРЕС КҮШЕЮДЕ2016 жылы департамент тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 89 млрд. 630 млн. салықтар мен төлемдердің түсімі қамтамасыз етіліп, жоспар 107% орындалды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 13 млрд.теңгеге немесе 17,3% өсім бар. Оның ішінде, республикалық бюджеттің орындалуы 110,4% және жергілікті бюджеттің орындалуы 103,4%. 2015 жылға қарағанда өсім көлемі республикалық бюджетке 25 пайыз (9 млрд. 748 млн.), жергілікті бюджетке 8 пайыз (3 млрд. 449 млн.) көлемінде. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев мәлімдеді. 
Департамент басшысының айтуынша, бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі басым бағыт – басқа мемлекеттік және бақылаушы органдармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар жалған кәсіпкерлікке қарсы тұру шараларын белсендіру. 
«Көлеңкелі» экономиканың негізгі бағыттарының бірі - жалған кәсіпкерлікпен күресу. Осы бағытта өткен жылы 39 қылмыстық іс қозғалып, 41 істің өндірісі аяқталып, 36-сы сотқа жолданды. Осы салада мемлекетке келтірілген залал мөлшері 3,6 млрд. теңгені құрады, оның 468,7 млн.теңгесі өндіріліп, 80,8 млн. теңгенің мүлкіне арест қойылды. Сонымен қатар, жалған кәсіпкерлердің контрагенттерінен, сот шешімімен, бюджетке 670 млн.теңгенің салықтары мен міндетті төлемдері өндірілді.
Салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтар негізінде 68 қылмыстық іс қозғалып, 57 істің өндірісі аяқталды, 17 іс сотқа жолданды. 1,2 млрд. теңгенің залалы қалпына келтірілді. Есірткі контрабандасына қатысты 2 факті анықталып, Ішкі істер органдарына берілді.