Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ САЛЫНА БАСТАЙДЫ

 

Биыл Жаңақорған ауданының «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинаты мен газ турбиналық электр станциясының құрылысы басталады. 
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің орталығында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова мәлімдеді. 
Қызылорда қаласындағы шыны зауытының, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы цемент зауыттарының құрылысы жалғасуда. «Бала-Сауысқандық» ваннадий кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік барлау жұмыстары аяқталды. 
«Самұрық-Қазына» Қоры және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкісімен «Шалқия» кен орнындағы тау-кен байыту комбинатының және газ-турбиналық электр станциясы құрылысының қаржыландыру мәселесі пысықталуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: