Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАСБӨГЕТТЕ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Тасбөгет  кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, кент әкімі Жұмабек Әлиев жергілікті тұрғындармен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар барысын саралады.    
Былтыр Тасбөгет кентінде біршама игі істер атқарылды. Атап айтсақ, 300 орындық жаңа мектеп, 3 балабақша пайдалануға берілді. Сондай-ақ, кенттегі білімнің қара шаңырағы саналатын №11 орта мектеп «Мектеп-лицей» мәртебесіне ие болды.
Тасбөгет кентінің барлық аумағы табиғи газбен қамтылған. Жол жөндеу шаралары жыл сайын қарқынды жүргізіліп келеді. Былтыр 5 көше «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында, 1 көше жергілікті өзін-өзі басқару шоты есебінен орташа жөндеуден өтті. Жарықтандыру жұмыстарын да назардан тыс қалдырған жоқпыз. Тасбөгет тұрғындары үшін жағымды жаңалық – кентте биыл спорт кешені салынады деп жоспарланып отыр. Бұл жергілікті жастардың салауатты өмір салтын серік етуге өз септігін тигізеді.
Тұрғындар қала және кент әкімдеріне  көкейіндегі сауалдарын жолдады. Халықты мазалаған мәселелерге жауап берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: