Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖЕРДІ ӨЗ БЕТІНШЕ ИЕЛЕНГЕНДЕР АНЫҚТАЛДЫ

ЖЕРДІ ӨЗ БЕТІНШЕ ИЕЛЕНГЕНДЕР АНЫҚТАЛДЫБүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде  жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату бойынша облыс әкімінің тапсырмасының орындалуы  аясында баспасөз мәслихаты өтті.
Жиында облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов баяндама жасады.
Есепті кездесуде ұсынылған мәлімет бойынша бүгінгі күнге дейін Қызылордада жер қойнауын өз бетінше пайдаланудың 800-ден аса дерегі анықталған. 
Қызылорда облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаевтың айтуынша Жол картасына сәйкес Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда жұмысшы топтар құрылып, топ құрамына прокуратура және мүдделі мемлекеттік орган өкілдері енгізіліп отыр. 
- Мемлекеттік жер учаскесін немесе оның бір бөлігін заңсыз иелену  жеке тұлғаларға – 170175 теңге, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 340350 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған құрылыс ҚР ЖК-нің 164-1 бабына сәйкес бұзылатындығын ескертеміз, - дейді басқарма басшысының орынбасары. 
Сонымен қатар брифингте жерді басқа мақсатқа пайдалану немесе мүлде пайдаланбауға қатысты қолданылатын шаралар жайлы да айтылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: