Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ДАУДЫ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕУ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ДАУДЫ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕУ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба іске қосылды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Қ.Бержановтың төрағалық етуімен талап қоюшы А-ның жауапкер Д-дан кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен-жайын белгілеу туралы азаматтық ісі қаралды.
Сотпен істі қарауға дайындық барысында, тараптарға пилоттық жобаға қатысу жөнінде өз ұстанымдарын білдіру және олардың арасында келісім болған жағдайда, медиатормен медиация жүргізу туралы тараптардың жазбаша келісімін жолдау ұсынылған.
Медиативтік келісімге сәйкес, кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен-жайы талапкер А-мен белгіленді, ал жауапкер өз кезегінде кәмелетке толмаған баласымен демалыс күндері кездесіп тұруына мүмкіндік алды. Тараптар арасында өзге дау туындамаған және олар азаматтық істі қарауды әрі қарай жалғастырудан бас тартты.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылып, 1135 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотымен ҚР АПК-нің 48-бабына сәйкес, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытындағы Жоғарғы Соттың пилоттық жобасын іске асыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: