Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

 

Қызылорда облысының білім басқармасымен 2016 жылы барлығы 10922 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша» - 49, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» - 95, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» - 642, «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» - 5, «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» - 54, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» - 7997, «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» - 1341, «Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 184, «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 276, «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» - 279 қызмет көрсетілді. 
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ерташова, Шиелі ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Жақыпов, Жалағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Г. Құрманбаева БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.
2017 жылдың 1-тоқсанында басқарма тарапынан колледждердің жауапты қызметкерлерімен «Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметтің мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізіліп, аталған қызметтің проблемалары талқыланып, нәтижесінде алдағы уақытта ҚР Білім және ғылым министрліне аталған қызметтің сапасын жақсарту мақсатында ұсыныс енгізілу жоспарлануда - деді Қ.Сақтағанқызы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: