Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ  АЛДЫ

 

Осыдан 31 жыл бұрын, 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль қаласында атомды энергияны пайдалану тарихында мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат орын алды. 
Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан жүз мыңдаған азаматтардың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Олар өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындады — адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғады, радиацияның одан әрі қарай таралуына тосқауыл болды.
2017 жылғы 26 сәуірде Қызылорда қаласының әкімдігі, облыстық ішкі саясат басқармасы қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тағзым» алаңы аумағында Ауған, Невада-Семей, Чернобыль құрбандарына арналған ескерткіш маңында осы апаттың зардабын жоюға қатысқан азаматтарымызды еске алу митингісі өткізілді.
Шара барысында Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан жерлестеріміз Қызылорда облысының әкімі және Қызылорда қаласы әкімі Алғыс хаттарымен марапатталды. Қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Жанұзақов, Облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы Қ.Баймаханов, Облыстық «Невада–Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Әбіш, Қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Шахатов лебіздерін білдірді. 
Шара соңы ізгі қоғам, жарқын болашақ үшін жасампаз қадам жасап елі үшін ауыр қасірет азабын тартқан абзал азаматтарымыздың рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: