Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСАДЫ

КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСАДЫ

 

Бүгін Өңірлік Коммуникациялар Қызметі алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Усаин Медеттің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. 
Брифингте журналистерге сала бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайлы мағлұмат берілді.
2017 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасымен 36 жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалардың құрылысы аяқталғанда нәтижесінде 2018 жылы 335 шақырым ауыз су құбырлары және 7,7 шақырым кәріз су жүйелері жаңғыртылатын болады.
Қазір облыстағы 260 ауылдық елді мекеннің 194-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл ауылдық елді мекендердің 74 пайызын құрайды, ондағы тұрғындар саны облыстағы барлық елді мекендегі халықтың 95 пайызын қамтып отыр (398 мың адам/ 417 мың адам). 
Облыстық бюджеттен Белкөл кентін газдандыру үшін қаржы қарастырылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 
«Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырына бұрма-газ құбырының құрылысы» жобасының құрылысына 2017 жылға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. 
2017 жылы «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеңі» жобасының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
2015-2016 жылдары "Нұрлы жол" бағдарламасымен 21 жобаға 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, 14,4 шақырым жылу жүйелері жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу құбырларының тозуы 48 пайыздан, 44 пайызға немесе 4 пайызға төмендеді. 
2018 жылға Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғырту және кеңейту бойынша 8 жобалық-сметалық құжаттаманы "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасымен ҚР инвестициялар және даму министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасы қолға алынғанда, яғни 2011 жылы облыс бойынша 800 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет ететін. Алты жыл ішінде аймақта республикалық бюджеттен, қайтарымды қаражат пен аудандық бюджеттен бөлінген 3,5 миллиард теңгеден аса қаржы бөлініп, барлығы 160 үй жөндеуден өтті. Нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 2011 жыл 73 пайызды құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 55 пайызға төмендеген. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Арал, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарының бюджеттерінен 12 үйді жөндеуге 60,3 миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта, тұрғындармен келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Ал, Қызылорда қаласы бойынша қайтарым қаражат есебінен 4 үйді жөндеу жоспарлануда.
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640 құрап отыр. – деді басқарма басшысы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: