Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫДА ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

 

Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылында жылына 1500 тонна дайын өнім шығаратын құс фабрикасының іргетасы қаланды. 
- Өздеріңізге белгілі, Елбасымыздың алға қойған мақсаттарының бірі – агроөнеркәсіп кешенін дамыта отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланың экспорттық әлеуетін асыру. Міне, бүгін осы ойымыздың жүзеге асуына біртабан жақындадық. Қызылорда облысының тарихында ет өнімдерін шығаратын алғашқы құс фабрикасының іргетасын қалауға жиналып отырмыз. Осы орайда, талапқа сай, экономикалық негізі бар және тұрақты сұраныстағы инвестициялық жобаларды әрі бастамашы кәсіпкерлерді қолдап, оларды іске қосуымыз қажет, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Анықтама үшін: Қармақшы ауданындағы құс фабрикасының құрылысы - «Ақтөбе и К» (кәсіпкер Нұрлан Іздібаев) және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бірлескен жобасы. Жобаның жалпы құны – 2 млрд. теңге. Іске асырылу уақыты – 2017-2018 ж.ж.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: