Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРГЕ ТҮГЕНДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРГЕ ТҮГЕНДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 311,2 мың гектар жердің пайдаланылмай отырғандығы анықталды. 
Оның 87,3 % мемлекетке қайтарылса, 31,8 мың гектарын жер иенелушілер қайта пайдалануға кіріскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының жер қатынастар басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Сондай-ақ, 2017 жылдың І жартылығында ҚР жер қатынастарының сақталуына байланысты 236 бақылау шарасы жүргілген. Тексеру қорытындысы бойынша, 171 заң бұзушылық деректері анықталды. Облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Әбенұлының айтуынша, өз мақсатында игерілмей жатқан 9 жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында сотқа талап-арыздар жолданған. Оның 5-уі мемлекетке қайтарылса, 2-уі пайдаланушы тарапына шешілді. Ал, қалған 2-уі соттың қарауында.
Қазіргі таңда облысымызда жер учаскелерін пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар бойынша 79 адам тіркелген. Яғни, оларға тиесілі жерін жалға беруге немесе кепілдікке қоюға заңды түрде рұқсат етілмейді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: