» » ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Айдар: Қоғам, Сонғы жаңалықтар
ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА«Қызылорда тазалығы» ЖШС тарапынан қала қөшелерінің санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті атқарылып заңды және жеке тұлғалармен қоқыс шығару қызметіне келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. 
Жеке секторларда орналасқан кейбір тұрғындар жазбаша таратылған ескертулерге қарамастан, өз үйінің алдына темір контейнер қоймай, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарды орталық көшелердің бойына немесе қиылыстарына шығарып қоюды әдетке айналдырған. 
Мекеме тарапынан күнделікті ұйымдастыратын рейд жұмыстарының 1-4 тамыз аралығындағы Қорқыт Ата көшесі (Арсенал сауда үйінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін) бойында жүргізілген жұмыстар бойынша қоқыс тастаудың 8 заңсыз әрекеті анықталды. Алайда, қоқыс тастаушылар құжаттарын бермей немесе үйіне кіріп, есігін ашпай қою жағдайларының орын алуы рейд жұмыстарына кедергі келтірді. Барлық қоқыс тастаушылар бейнекамераға түсіріліп, жергілікті полиция қызметіне тиісті шара көру, айыппұл өндіру бойынша жолданды. 
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасын табатын болады.