» » АСТАНАДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

АСТАНАДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Айдар: Қоғам, Сонғы жаңалықтар
АСТАНАДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ13 тамыз күні Астанадағы «Қазанат» ипподромында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
«Қазанат» ипподромындағы этноауылда ұлттық спорт түрлерінен (ат үстіндегі өнер, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақы тұқымды тазылардың көрсетілімі) жарыстар ұсынылды. Қызылорда облысынан аударыспақ бойынша ҚР жеңімпаздары Әбдінасредин Файзулла, Серік Әмірсейіт, күміс жүлдегер Серік Ғабит, қола жүлдегер Мұратхан Қуандық, бірнеше дүркін жүлдегер Ерсұлтан Исабек, жамбы атудан ҚР алғашқы чемпионы, теңге ілуден ҚР бірнеше дүркін жүлдегері Жарқынбек Алмағанбетов, жамбы атудан ҚР күміс жүлдегері Бекқали Өзденбаевтар қатысып, аймақ намысы үшін сынға түсті. Ал түйе палуандар сайысында «Қазақстан барысы - 2017» атағын жеңіп алған Еламан Ерғалиев, ҚР чемпионы, самбодан Азия чемпионы Мақсат Исағабылов, ҚР чемпионы Нұрым Сәлімгереев, ҚР чемпионатының күміс жүлдегерлері Марат Баймаханов пен Жайдар Есеновтер бақ сынасты.