» » ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА АВТОБУС ПАРКІ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА АВТОБУС ПАРКІ АШЫЛДЫ

Айдар: Қоғам, Сонғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА АВТОБУС ПАРКІ АШЫЛДЫ

 

Қызылорда қаласында жаңа автобус паркінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 5 гектар жер құрайтын автобус паркі ДЕПОсы құрылысына облыстық бюджеттен 2 млрдтан аса қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «Комстроймонтаж» ЖШС-і жүргізді. Қазіргі таңда паркте барлығы 400-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 
Жаңа автобус паркінде бақылау өткізу пункті, автокөлік жөндеу цехы, Газ құю бекеті (АГНКС), көлік жуу мен диспетчерлік бекеттер орналасқан. Жұмыстан келген автобус жүргізушісі кезекші механикке келіп тіркеліп газ құю бекетіне жөнелтіледі. 
Газ құю бекетінде (АГНКС) метан газ айдау насостарымен жабдықталған. Бір мезгілде 8 автокөлікке қызмет көрсетеді. Газ құю уақыты 10 минутты құрайды. 
Газ толтырылған автокөлік көлік жуу бекетіне жол тартады. Көлік жуу бекетінде бір уақытта 6 автокөлікке қызмет жасалып, қоғамдық көліктердің сыртқы келбетімен мен іші тазаланады. Автомобиль жуу орнында пайдаланылған суды қазіргі заманға сай қайта сүзгіден өткізіп қайта пайдалану мүмкіншілігі қарастырылған.
Күнделікті жұмыста жүрген автокөліктің техникалық жағдайы мен қозғалтқыш күшінің жұмысы текникалық тексеруден өткізіледі. Қажет болған жағдайда ТО1 және ТО2 жөндеу цехына жөнелтіледі. Қоғамдық көлікте ақау орын алмаған болса автотұраққа қойылады. Автотұрақ 200 автобусқа лайықталған.
Жөндеу цехінде бас инжер, автокеруен басшылары, пайдалану қызметі бөлімі және жөндеу цехы мамандары қызмет көрсетеді. Бас инженер автопарк автобустарының күнделікті техникалық жағдайының мүлтіксіз жұмыс жасауына басшылақтан кейінгі жауапты тұлға. Бас инженер қарамағына өндірістік-техникалық қызмет қызметкерлерімен автокеруен басшылары қарайды. Өндірістік-техникалық бөлім автокөліктердің тұрақты жұмыс жасауына, ал, автокеруен басшылары осы автокөліктердің жүргізуші мен кондукторларының күнделікті жұмысқа шығуына жауапты. Пайдалану қызметі бөлімінде жол парағын беретін диспетчерлік қызмет, медициналық бақылау пункті және ақша түсіміне жауапты бақылаушы диспетчерлер жұмыс жасайды.