» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ӘДЕПТЕН ОЗБАУЫ КЕРЕК

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ӘДЕПТЕН ОЗБАУЫ КЕРЕК

Айдар: Қоғам, Сонғы жаңалықтар
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ӘДЕПТЕН ОЗБАУЫ КЕРЕКМемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексінің талаптарын бұзу фактілері орын алуда. Осы жылдың 6 айында Әдеп жөніндегі кеңесте кодекс талаптарын бұзғаны үшін 2 басшының тәртіптік ісі қаралып, жауапкершілікке тартылды. 
Бұл туралы бүгін ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша демпартаменті басшының орынбасары Берікбол Байқожаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады. 
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларына да ұдайы мониторинг жүргізіліп келеді. Нәтижесінде әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін 50-ге жуық суреттер жарияланғаны анықталды. Олардың көбісі ойын-сауық орындарында, табиғатта алкогольдік ішімдіктер жанында түскен. Осыған орай, 18 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге, департамент қызметкерлері жергілікті полициямен бірігіп, арнайы рейд ұйымдастырды. Анықталғанындай, облыс аумағында 4 мемлекеттік қызметшінің көлік құралын ішімдік ішіп, масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік айыппұлдар салынды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 38 қызметтік көліктердің басым көпшілігі қызметтік көлік жүргізушілері тарапынан орын алса, 5-уі мемлекеттік қызметшілердің өздерінің басқаруымен болған. 
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында 10 қадам жобасының өзге де бағыттары бойынша құрылған мобильдік топтар Көліктік бақылау инспекциясы, кеден және ішкі істер органдарының қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізіп келетіндігі айтылды.