» » СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ

СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ

Айдар: Қоғам, Сонғы жаңалықтар

СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ

 

Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Бөкенбайұлы Қайруллаев бастаған топ мүшелері елдің сұранысы бойынша қоғамдық көлік қызметкерлерінің жұмысына арнайы рейдке шықты.
Рейд барысында көлік қызметкерлерінің тарапынан, өз істеріне деген біршама салғырттықтарын байқады. Атап айтқанда көлік жүргізу барысында ұялы телефон пайдалану, жол ақы билеттерінің дер кезінде берілмеуі, жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктерін тақпауы, көлік ішіластанып, сын көтермей тұрғандығы байқалды.
Топ мүшелері рейд барысында анықталған мәселелерді қағаз бетіне түсіріп, тікелей эфирде сұхбат алмасу барысында халықтыңда пікірін біліп, бір жағынан халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырды.
Осы орайда, басқарма басшысы сала басшыларына ұсыныс беріп, алдағы уақытта жиі рейдтер жасалатынын ескертті.
– Алдағы уақытта сыйымдылығы үлкен 150 ге жуық автобустар келеді. Түсіндірме жұмыстары қоғамдық көлік жүргізушілерімен қатар халыққа да алдағы уақытта жүргізіледі. Осы рейдтен соң сала басшыларына арнайы барып, келеңсіз оқиғаларды болдырмау және алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс береміз. Жұмыс барысында анықталған құқық бұзған қызметкерлерге ескерту жасап, міндетті түрде шара қолданамыз, - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Бөкенбайұлы.