» » ШАТЫР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕТІН БОЛАДЫ

ШАТЫР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕТІН БОЛАДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

2018 жылғы 10 қаңтар сағат 22.00 шамасында 23-28 м/с жылдамдықпен соққан бұрқасынды жел салдарынан Тасбөгет кенті, Амангелді көшесі №3 екі қабатты тұрғын үйдің шатыры ұшу дерегі орын алған.
Бұл жөнінде 2018 жылғы 10 қаңтарда "KAZINFORM" халықаралық ақпарат агенттігінде журналист Айнұр Төлешова оқиға куәгерлерінің ақпаратына сүйеніп агенттікпен ақпарат таратқан.
Табиғат салдарынан орын алған оқиға бойынша қазіргі таңда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың хабарлауынша оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазір ұшқан шатыр орны толық тазартылып, 650 шаршы метрді құрайтын аумаққа қайта шатыр жабуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар қала әкімінің шұғыл шығындарға арналған резервінен жасалатын болады.
Материалда оқиға куәгерлері сөзіне сүйенген тілші шатырдың бұған дейін де жөндеуді қажет ететіндігін жеткізген. Алайда, бұл мекен жайдағы үй шатыры 2013 жылы жеке кәсіпкерлердің қолдауымен жаңартылып, жабылған болатын.