» » ОБЛЫСТЫҢ ЭПИЗООТИКАЛЫҚ-ТОПОГРАФИКАЛЫҚ КАРТАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ОБЛЫСТЫҢ ЭПИЗООТИКАЛЫҚ-ТОПОГРАФИКАЛЫҚ КАРТАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Жыл сайын жүргізіліп отырған ветеринариялық профилактикалық шаралар өңірде эпизоотиялық тұрақты жағдайды қамтамасыз етуде.
14 аса қауіпті аурудың алдын алу шаралары бойынша 2017 жылы профилактикалық жұмыстар толық көлемде жүргізілді. Бұған қоса, облыстың эпизоотикалық-топографикалық картасы жаңартылды.
Қазалы ауданында облыстық бюджет қаражаты есебінен 2 мал қорымы салынды, ал биылғы жылы облыс бойынша 19 мал қорымын салу көзделуде.
2017 жылы 117 қолайсыз деп танылған елді мекенде Конго-Қырым безгегі ауруына қарсы тиісті шаралар толық атқарылды. Осы жылы эпидемиологиялық маусымды 127 елді мекенде жұмыстар жүргізілетін болады.
Бастысы, өткен 2017 жылы Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның шешімімен Қызылорда облысы аусыл ауруы бойынша буферлік аймақтан шығарылды.