» » ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТАТУСЫН ИЕЛЕНДІ

ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТАТУСЫН ИЕЛЕНДІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қызылорда облысында 30 техникалық және кәсіптік білім беретін мекеме бар. (Олардың 16-сы мемлекеттік, қалған 14-і жекеменшік). Нақты кезеңде аталған арнаулы білім ордаларында 97 мамандық пен 167 біліктілік бойынша 22480 студент білім алуда.
2017 жылдан бастап жастарға жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы басталды. Жұмысшы мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс бойынша республикалық бюджеттен 1515 орын, жергілікті бюджеттен 3088 орын бөлінді.
Дуальды оқыту технологиясына негізделген кәсіптік білім беру саласында 23 колледжде 78 мамандық бойынша 1926 студент білім алуда.
2017-2018 оқу жылынан бастап, 25 техникалық және кәсіптік білім оқу орнында 48 мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламалары эксперимент ретінде енгізілді.
3 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны халықаралық институционалды аккредитациядан өтті. Олар: М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, «Абылай хан» колледжі, «Болашақ» медициналық колледжі.
Сонымен қатар, 3 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны жоғары колледж статусын иеленді. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 240 инженер-педагогі мен 11 директоры және 14 арнаулы пән мұғалімдері республикамызда және шетелдерде біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін дәстүрге айналған «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты облыстық еңбек форумы ұйымдастырылып, өткізілді.