Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҰОС АРДАГЕРІ ТӘНЕШ ОРАЗОВ 95 ЖАСҚА ТОЛДЫ


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құрметті зейнеткер, соғыс және еңбек ардагері Тәнеш Оразовты мерейтойымен құттықтады.
Ұлы Отан соғысы ардагері Тәнеш Оразов 1923 жылдың 23 ақпаны күні Сырдария ауданының Шіркейлі ауылында туған. 1941 жылы 16 желтоқсанда әскерге шақырылып, Ашхабад жаяу әскер училищесінде 6 ай оқып, лейтенант әскери шенін алып, майданға аттанады.
«Тәнеш Оразұлы – бүгінгі өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. 1942 жылы Сталинградты жаудан қорғауға қатысып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Соғыстан кейінгі жылдары облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлесін қосты. Мәскеу жоғары сауда мектебін бітіріп, сауда, құрылыс саласында лауазымды қызметтерін абыроймен атқарып, нәтижелі қызметтің арқасында көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталды», - деді аймақ басшысы.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Тәнеш Оразулына Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ, мерейтой иесін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов бастаған бір топ ардагерлер құттықтады.
Өз кезегінде, Тәнеш Оразұлы ізгі тілектер үшін ризашылығын білдіріп, елге бейбітшілік тілеп, ақ батасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: