Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«АҚМЕШІТ», «МЕРЕЙ» МӨЛТЕК АУДАНДАРЫНДА АУЫЗ СУ БЕРУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ


2018 жылдың 24 сәуір күні сағат кешкі 18.00-ден 25 сәуір күні таңертеңгі сағат 06.00-ге дейін «Мерей» су алу құрылымының таза су жинау резервуарына және «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандарындағы ауыз су жүйелеріне жоспарлы жуып шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Осы орайда, «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандарындағы тұрғындардан көрсетілген уақытта ауыз суды пайдаланбауын сұраймыз.
2018 жылдың 24 сәуір күні сағат 22.00–ден сағат 00.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
2018 жылдың 25 сәуір күні сағат 06.00-ден кейін ауыз суды пайдаланар алдында хлор иісінен тазарғанша кранды ашық қою қажеттігін назарларыңызға жеткіземіз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: