Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АВТОКӨЛІК ЖОЛЫ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ


Құрметті Қызылорда қаласы тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінен бастап Байтұрсынов көшесіне жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Төле би көшесі мен Әбілхайыр хан аралығындағы автокөлік жолы уақытша жабылатындығын хабарлаймыз.
Осыған орай, аталған аралықта қатынайтын №3,12,15,19,21 бағыттағы қалаішілік қоғамдық көліктердің жүру бағыттары уақытша төмендегідей өзгереді.
№3,15,19,21 бағыттар Қорқыт Ата көшесімен Амангелді көшесіне түсіп, №19 бағыт Төле би көшесіне бұрылып өз бағытымен, №15 бағыт Мұратбаев көшесіне түсіп өз бағытымен, №3 бағыт пен №21 бағыт Ж.Баһадүр көшесіне бұрылып өз бағыттарымен жүреді.
№12 бағыт Желтоқсан көшесінен Алтынсарин көшесіне бұрылып өз бағытымен жүретіндігін хабарлайды.
Уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністікпен қарап, кешірім сұраймыз!

Қызылорда қаласы әкімдігі
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: