» » БҮЛДІРШІНДЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

БҮЛДІРШІНДЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

«Сыр самалы» балабақшасының тәрбиеленушілері арасында «Тәй-тәй» шоу өткізілді.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстана отырып, сайыс барысында ойынды оның ережелері мен шарттарын ептілікпен қатар шапшаңдықпен орындауға, денелерін шынықтыруға баулып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Шара барысында «Мықты болсаң озып көр», «Жемістерді жинаймыз», «Мен көлікпен тез жетем», «Асуларды бағындыр», «Тепшек арқылы сырғанау» сайыстары мен «Мен сүйкімді баламын» атты ата-аналармен ойын ұйымдастырылып, қатысушылар «Алғыс хаттармен» марапатталды.