Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОТАНЫН СҮЙГЕН ПАТРИОТТАР


Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Ер Тарғын» балабақшасында Жеңіс күніне орай «Отанын сүйген патриоттар» атты «Ерлік ер мұраты», «Бейбіт күн жасасын әлемде» тақырыптарында ертеңгіліктер өткізілді.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.
Ертеңгілік барысында бейнеролик арқылы бүлдіршіндерге Жеңіс күніне арналған парад көрсетіліп, Ұлы Отан соғысының батырлары Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев, М.Ғабдуллин, Т.Бегелдинов, Қ.Қайсенов, шығыстың қос жұлдызы Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова жайлы деректер көрсетілді.
Шара соңында тақырыпқа сәйкес тақпақтар айтылып, патриоттық әндер орындалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: