Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АУЫЗ СУ ТОЛЫҚ БЕРІЛІП БОЛДЫ


Бүгін, қаламыздағы ауыз суға байланысты туындаған мәселе үшін сіздерден кешірім өтінеміз!

«Қызылорда Су Жүйесі» МКК хабарлауынша қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын және сағат 18:00- 20:00 аралығында қала тұрғындарына ауыз су толық беріліп болады.
Мәселенің туындау себебі, ескі құбырларды ажыратып жаңа жүйеге қосу барысында орын алып отыр.
Нақтырақ айтқанда, 2018 жылғы мамыр айының 15 күні сағат 21.00-ден бастап «Южный» мөлтек ауданындағы Амангелді көшесі мен Қорқыт Ата көшелерінде орналасқан ашып -жабу камераларындағы д-720 мм ескі құбырларын ажырату жұмыстары жүргізілген болатын.
Бұл жұмыстар таңғы 7:00 де аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы, алдын ала әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ-тарда хабарландыру орналастырылды.
Алайда, ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын д-720 мм болатын құбырды ажырату барысында, 1 мың кубтан астам су босатылған және 40 жылдан асқан ескі құбырды монтаждау барысында қиындықтар туындаған. Осының салдарынан аталмыш жұмыстарды жоспарланған мерзімде аяқтау мүмкін болмады.
Қызылорда қаласы әкімдігі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: