Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ


Кеше, А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша марапаттау шарасы өткізілді.
3 кезеңнен тұратын Ұлттық конкурстың бірінші қалалық кезеңіне қатысуға биылғы жылы белгіленген уақыт аралығында 18 отбасы өтінім білдірді. Құжаттарын ұсынған отбасыларды іріктеу бойынша құрылған қалалық комиссия құрамымен 2018 жылғы 2 мамыр күні комиссия отырысы өткізіліп, 18 отбасының ішінен 5 отбасы іріктеліп, комиссия мүшелері аталған отбасылардың үй ішімен, тыныс тіршілігімен танысты.
Нәтижесінде 3 отбасы жүлделі орынды иемденіп, 2 отбасы номинациямен марапатталды.
1) І дәрежелі дипломмен Көмекбаевтар отбасы;
2) ІІ дәрежелі дипломмен Назаровтар отбасы;
3) ІІІ дәрежелі дипломмен Байдәулетовтер отбасы;
4) «Өнегелі отбасы» номинациясымен Досмахановтар отбасы;
5) «Салауатты отбасы» номинациясымен Тұрабаевтар отбасы марапатталды.
Биылғы жылдың ерекшелігі конкурсқа қатысуға өтінім беріп, белсенділік танытқан әрбір отбасыға қала әкімінің алғыс хаты табыс етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: