» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ТОҚМАҒАНБЕТОВ КӨШЕСІ ЖӨНДЕЛУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТОҚМАҒАНБЕТОВ КӨШЕСІ ЖӨНДЕЛУДЕ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Тоқмағамбетов көшесіне соңғы рет 2010 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонан бері, асфальт қабаттарында жарықтар, ойықтар пайда болып жол қозғалысының қауіпсіздігіне кері әсерін тигізгендіктен, үстіміздегі жылдың 27-ші ақпанында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, 27-ші сәуірде конкурс жеңімпазы «Қыран» ЖШС-гі мекемесі болып танылды. Келісім-шартқа отырғаннан кейін, ақпараттық құралдар арқылы жолдың, жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабық болатындығы туралы хабарлама берілді. Жол жөндеу жұмыстары келісім шартқа сәйкес 24 тамызға дейін көзделген. Дегенмен 15 маусымға дейін жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
Жоба бойынша, Қазыбек би көшесінен бастап, Байтұрсынов көшесіне дейін көшенің 1,4 шақырымды құрайтын ұзындығы және жолдың жүріс бөлігінің ені 19 метрден 31 метр аралығында болады. Жөндеу барысында көшенің ортасындағы жарық бағаналары мен бордюрлер алынып тасталып, көшенің жиегіне 70 дана жаңадан жарық бағаналары орнатылатын болады. Ескі жарық бағаналары мен бордюрлер басқа да жөндеу қажет ететін көшелерге пайдаланылатын болады.
ҚР Құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес орташа жөндеу жұмыстарының жарамдылық мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін делінген. Ол жол қозғалысының интенсивтілігіне тікелей байланысты болғандықтан, Тоқмағамбетов көшеcінің жөндеу мерзімі келіп отыр.