Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАЙТҰРСЫНОВ КӨШЕСІНДЕГІ ЖОЛДА ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖАСАЛАДЫ


Байтұрсынов көшесіне соңғы рет 2010 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні жолдың асфальт қабаттарында көптеп жарықтар пайда болып, автокөлік жүргізушілері тарапынан наразылықтарын туындаған болатын.
Қаламыздың орталық көшесі болғандықтан, бұл мәселені тез арада шешу қажет болды. Нәтижесінде үстіміздегі жылдың 22 ақпанында орташа жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып-алу конкурсы жарияланып, 19 сәуірде жеңімпаз «УАД» ЖШС-гі болып танылды. Жол жөндеу жұмыстары келісім шартқа сәйкес 27 шілдеге дейін көзделген. Дегенмен, жасалатын жұмыстардың дені аяқталды.
Жоба бойынша жолдың ұзындығы 2,17 шақырымды құрайды. Ескі асфальт қабатының бетіне 5 сантиметр асфальт қабатын төсеу, жолжиектастарын орнату және соңғы үлгідегі дыбыстық (шумовая разметка) жол үсті таңбаларын сызу қарастырылған.
ҚР Құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес орташа жөндеу жұмыстарының жарамдылық мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін делінген. Ол жол қозғалысының интенсивтілігіне тікелей байланысты болғандықтан, Байтұрсынов көшесінің жөндеу мерзімі келіп отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: