Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕР ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ


Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған жобалардың нәтижесінде жергілікті тұрғындар нақты жобаларды жүзеге асырды.
Қалаға қарасты елді-мекендерде 1 тігін цехы, 2 наубайхана, 1 қонақ үй, 1 автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы жұмысын жүргізуде, мал басын көбейту мен сүт, ет бағытын дамытуда 522 мүйізді ірі қара, 202 жылқы алынды.
«Береке», «Ырыс» несие беру бағдарламалары аясында 5 кооперативтің 138 мүшесі тарапынан 2 мың 814 мүйізді ірі қара сатып алынды.
Қала маңындағы елді мекен тұрғындарына сапалы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мақсатында 5 кәсіпкер орта сыйымдылықтағы қоғамдық көлік сатып алып, 11 кәсіпкер өз кәсіптерін дамыту мүмкіндігіне ие болды.
Бұдан бөлек, 2 жылыжай, 2 наубайхана, 5 қызмет көрсету кешені, 1 асхана, 1 мейрамхана, 2 монша нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: