» » СОЛ ЖАҒАЛАУДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

СОЛ ЖАҒАЛАУДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қызылорда қаласы тұсындағы дарияның сол жағалауында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
2017 жылдың мамыр айында құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен Сырдария өзенінің сол жағалауынан 5 қабатты 18 тұрғын үйдің және 320 орындық балабақшаның, шілде айынан бастап «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы, жастар орталығы, Қазақ Орталық Атқару Комитеті мұражайы ғимараттары салына бастады.
«Абу-Сер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында, құны 742 млн. теңгені құрайтын 320 орындық балабақшаның құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Келесі жылы осы аумақта «100 келушіге арналған емханасымен қоса 300 төсектік көпсалалы облыстық аурухана», «Неке сарайы», 600 орындық мектеп, мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында 500 келушіге арналған емхананың құрылысын салу жоспарлануда.