Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАСБӨГЕТ КЕНТІНДЕГІ БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірімізде атқарылып жатқан барлық жұмыстарды, қаланың тыныс-тіршілігін назардан тыс қалдырмай күн сайын жеке аралап бақылауында ұстап келеді.
Өткен аптаның аяғында қала әкімі бір күндік жұмыс күнін, қаладағы құрылыс алаңдары мен бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысуға арнады.
Түске дейін, Тасбөгет кентіндегі балабақшаның құрылысымен танысқан қала әкімі, бұл нысанның сапасы мен қолданылып жатқан құрылыс материалдарына баса назар аудару қажеттігін қатаң тапсырды.
140 орындық балабақшаның құрылысына бюджеттен 527 млн. теңге қаржы қаралған. Балабақшада заманауи талаптарға сай жедел саты (лифт) қарастырылған және барлық бөлмелеріне жылы едендер орнатылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: