Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ АЙТЫЛДЫ

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұридиновтың төрағалығымен аймақтағы кәсіпкерлермен жиын өткізілді. Жиында міндетті медициналық сақтандыру жүйесі талқыланды.
Басқосу барысында қала әкімінің орынбасары кәсіпкерлерге қызметкерлерін, тіпті уақытша жұмыс істейтін даяшыларды да тіркеу қажеттігін айтты. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларына дер кезінде сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсетіледі. Сонымен қоса, мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек шеңберінде жедел жәрдем, санитарлық авиация қызметтері мен әлеуметтік маңызы бар ауруларға көрсетілетін көмек және профилактикалық екпелер кіреді.
Осы мақсатта қабылданған заңға сәйкес қорға жарна төлеуден балалар көп балалы аналар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, интернаттық ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиленушілер, оқудың күндізгі нысаны бойыша оқитындар, бала тууға, бала асырап алуға байланысты демалыстағылар мен зейнеткерлердің босатылады.
– Біздің мақсатымыз – алдағы уақытта сіздердің жұмыскерлеріңіздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауы, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Екіншіден, қазір зейнетақы көлемінің мәселесі көтеріліп жатыр. Біздің бөлімге көбіне үлкен кісілер, зейнет жасына жақындаған жандар келеді. Зейнетке шығар алдында ешқандай салым салмағандар өте төмен деңгейде шығып жатыр. Сондықтан сіздер қол астындағы жұмыскерлеріңізге міндетті түрде зейнетақыға ай сайын салым салуларыңыз керек. Ол зейнетке шыққан кезде есепке алынады, – деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: