» » ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ АЯЛДАМАЛАР

ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ АЯЛДАМАЛАР

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қаламызда осы уақытқа дейін 136 заманауи үлгідегі аялдамалардың құрылысы жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне берілді.
Ал, қазіргі таңда 10 аялдаманың құрылысы басталып кетті.
Соңғы үлгідегі аялдамаларда қоғамдық көліктердің жүру кестесі, жарық шамдары және негізгі тақырыптық бағыттары ретінде тарихымыздан хабар беретін тарихи және ұлы тұлғалар бейнесі, қоғамдық-саяси маңызы бар атаулы мерейтойлар, мемлекеттік бағдарламалар, мерейтойлық даталармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, таңдамалы жинақтардың QR кодтары да (кітап оқуға ниетті адам кодты сканерлеп кітап авторының сайтына өте алады) заманауи үлгідегі аялдамаларда қамтылған.
Қоғамдық көліктердің жүру кестесі адам көп шоғырланатын аялдамаларға, яғни, Жібек жолы көшесі бойындағы барлық аялдамаларға, Абай көшесіндегі «Болашақ» алдамасы, ХҚКО аялдамасы, қалалық әкімшілік аялдамаларының екі жақ бетіне өз қаржысы есебінен «Стандарт» ЖШС-і» жүргізді. Алдағы уақытта қоғамдық көліктердің жүру кестесін барлық аялдамаларға қамту жоспарланған.