» » ҚЫЗЫЛОРДАДА "ЕҢБЕК АЛЛЕЯСЫ" ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "ЕҢБЕК АЛЛЕЯСЫ" ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы аясында қайта жаңғыртылған "Еңбек аллеясының" ашылуы мен мерекелік концерт өтті.
Шиелі ауданы Ы.Жақаев көшесінде орналасқан"Еңбек аллеясын" қайта жаңғыртып, таныстырылымын ұйымдастырды.
Жаңғырту жұмыстары демеушілердің қаражаты есебінен жүргізілді: "Еңбек аллеясы" деген жазу жаңартылды, аллея аумағында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Шиелі ауданы өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концерті өтті.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев аллеяны қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, аудан жұртшылығымен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада аудандардың шығармашылық ұжымдарының концерттері және қала мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Бұған дейін қалада Жалағаш, Арал және Қазалы аудандарының күндері өтті. Қызылорданың 200 жылдық мерейтойына тарту ретінде "Жалағаш-жырдың мекені" көрмесі ұйымдастырылып, «Арал тартуы» мен «Жалаңтөс бахадүр» аллеялары жаңғыртылды.