» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОРҚЫТ АТА ЕСКЕРТКІШІ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОРҚЫТ АТА ЕСКЕРТКІШІ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы аясында қайта жаңғыртылған Қорқыт ата ескерткішінің ашылуы мен мерекелік концерт өтті.
Жаңғырту жұмыстары демеушілердің қаражаты есебінен жүргізілді: ескерткіш аумағы абаттандырылды және көгалдандырылды, керамогранитпен қайта қапталды.
Сондай-ақ, бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Жаңақорған ауданы өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концерті өтті.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев ескерткіштің қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, аудан жұртшылығымен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада аудандардың шығармашылық ұжымдарының концерттері және қала мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Бұған дейін қалада Жалағаш, Арал, Қазалы және Шиелі аудандарының күндері өтті. Қызылорданың 200 жылдық мерейтойына тарту ретінде "Жалағаш-жырдың мекені" көрмесі ұйымдастырылып, «Арал тартуы» мен «Жалаңтөс бахадүр» аллеялары, «Еңбек аллеясы» жаңғыртылды.