» » "Сыр - Алаштың Анасы - Қызылордам, шашу шашты Қазалы ән мен жырдан"

"Сыр - Алаштың Анасы - Қызылордам, шашу шашты Қазалы ән мен жырдан"

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында аудандардың шығармашылық ұжымдарының концерттері және қала мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілуде.
Кеше, 16 қазан күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазалы ауданы өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Онда қазақтың халық әндері, ұлттық билері, әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.
Сонымен қатар, Қазалы ауданы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанындағы Жалаңтөс батыр аллеясын жаңғыртып, таныстырылымын ұйымдастырып, мерекелік концерт өткізді.
3 га аумаққа брусчатка төселіп, Жалаңтөс батыр ескерткіші аумағында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, ротондар мен шағын архитектуралық нысандар орнатылды. Жаңғырту жұмыстары демеушілердің көмегімен жүргізілген.
Айта кетсек, бұған дейін Арал және Жалғаш аудандары сүйікті қаламыздың мерейтойына өздерінің ән-шашуларын арнаған болатын.