Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ШЫҒЫСТАЛҒАН ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ АРТТЫ


«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасындағы тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басты мақсаты мемлекеттік тілді меңгеру, дәрежесін бақылау тетіктерін енгізу жұмысын ұйымдастыру болып табылады.
Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілге қажеттілік болуына, оның басқа тілдердің тұғырын одан әрі сақтау жағдайындағы тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымдарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне ай сайын мониторинг жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік тілде шығысталған құжат айналымы 2018 жылғы ІІІ тоқсанда 100 пайызды құрап отыр.
Есепті мерзімде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл саясатын жүргізу мақсатында 31 әртүрлі іс-шаралар өткізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: