Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ


Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» музей филиалы «Сыр сүлейлері» аллеясында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Ақмешіт, Перовск, Қызылорда» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
«Сыр сүлейлері» аллеясында Қызылорда қаласына қарасты кент, ауылдық округтердің қаз-қатар орналасқан қараша үйлерінен этноауыл бой түзеді. Арнайы тігілген ақ шатырларда қала мейрамханалары ұлттық дастархан мәзірін және шаруа қожалықтары қауын, қарбыз, қымыз, шұбат, бауырсақтарды қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етті.
Тарихы тереңде жатқан Сыр бойындағы Қызылорда өңірі екі ғасыр тарихты артқа тастап, Алты алаштың басын қосып, қаймағы бұзылмаған қазақ халқының қасиетті мекеніне айналса, осы уақыт ішінде қала көрікті әрі заманауи қала болып қалыптасып, ұлттық рухани құндылықтардың ұйытқысына айналып отыр.
Көрменің мақсаты – екі ғасырлық тарихымызды және қаламыздың жаңа үлгіде өсіп өркендеуін, сәулетіне дәулеті сай қала болғандығын өскелең ұрпаққа насихаттау.
Көрмеге «Ақмешіт» музей филиалындағы экспонаттар, архивтік құжаттар және фотосуреттер қойылды.
«Ақмешіт, Перовск, Қызылорда» атты көрмені қала қонақтары, зиялы қауым өкілдері және ақпарат құралдары өкілдері тамашалап, тарихы тереңде жатқан туған қаламыздың қос ғасырлық тарихына қатысты жәдігерлермен танысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: