Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӘСІПКЕР ЖАҢА ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ


«ЖанАрай» ЖШС жанынан жаңа оқу орталығы мен қонақүй кешені ашылды. Үй жануарларына арналған азық-түлік өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорын 2016 жылы кәсіпорында қаз фермасы ашқан болатын. Қазіргі уақытта, агрокешен 250 ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, тәулігіне 150 тоннаға жуық күріш, 170 тонна ұн мен 80 тонна жем өнімдерін өндіруде. Енді міне, кәсіпкер оқу орталығын ашып, білім саласына қаржы құйды.
Оқу орталығында 3 дәрісхана, көрме залы және 2 конференц-зал, сырттан келген қатысушыларға арналған хостел мен асхана бар. Семинар, турнир және басқа да білім беруге қатысты іс-шараларды өткізуге арналған орталық қала нысандарының біріне айналмақ.
«Оқу орталығында оқу семинарлары мен мастер-кластар, шахмат турнирлері және басқа да іс-шаралар өткізуге болады. Жақында ауыл әкімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтті. Ауылшаруашылық қызметкерлері үшін кәсіпорында көрнекі тәжірибелік оқулар өткізуге өте ыңғайлы», - дейді кәсіпорын бас директоры Бақдәулет Махашов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: