Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҮЗДІК ИДЕЯЛАР ҚОЛДАУ ТАПТЫ


Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану соңғы уақытта бизнес саласының маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы ретте Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда облыстық цифрлық технологиялар басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-сі, облыстық IT Park және Қазақстан IT мамандарының Ассоциациясымен бірлесіп, IT Business жобалар жарысын ұйымдастырды.
Жарыс 3 түрлі бағытты қамтиды. Үшөлшемді жобалардың жарысы. Бұл жерде мақсатты объект ретінде Қызылорда қаласының болашақта тұрғызылатын ҚЫЗЫЛОРДА ИНВЕСТ ғимараты. Бұл құрылыс нысаны Қызылорданы сырттан келетін қонақтарғатаныстыру үшін қолданылады.
2 бағыты – бизнеске арналған роботтар. Яғни жасалған интеллектуалды бұйымдар бизнестің белгілі бір бөлігін автоматтандаруға, шешім қабылдауына көмек беру қажет. Ал, 3-бағыт веб сайттар бөлімі. Қызылорда қаласындағы кез келген мекемеге жасалған сайт, ол мекеменің виртуалды әлемдегі түйіндемесіне айналу қажет.
Ұйымдастырушылар жарысқа Қызылорда қаласының тұрғындары ғана емес, әлеуметтік желіге таралған хабарландыруды көріп, облыс тұрғындары ғана емес, басқа облыстардан да қатысуға ниет білдірді. Мысалға, Астана қаласынан, Тараз қаласынан, Алматы, Қарағанды қаласынан қатысушылар өздерінің жобаларын ұсынған.
Жарыс нәтижесінде «Robo4business» секциясында Қармақшы аудандық оқушылар үйінен келген Ерболат Сұлтанбаев пен Азамат Тоқмырзаның тері өңдейтін цехті автоматтандыратын интелектуалды кешені І орын алса, «3D-content» секциясы бойынша Қанат Айтжанның «Қызылорда инвест» ғимаратына Қызылорданың символына айналған Қорқыт ата қобызын ғимаратқа келістіріп жасаған жобасы І орынды алды. Ал, «WebBusinessPage» секциясында Самат Бегімбайдың жұмысы ерекше жұмыстардың қатарынан көрінді.
Конкурс нәтижесінде, қатысушылар бизнес өкілдерімен танысып, олардың нарыққа деген сұранысын анықтап, жұмыстарын сол бағытта бұру туралы шешімдерін қабылдады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: