Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЛОНДОНҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ


Елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорында ҚР Әділет министрлігі мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы транспорт саласындағы республикалық байқауда Сыр жастары қатысып келді.
Білім жарысына 9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқытушысы Бимұханбет Ернар Айдарұлының жетекшілігімен, үш тілде оқытылатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 10-сынып оқушысы Демиденко Евгений, №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушылары Шарип Дамир және Орынбай Сұлтан қатысқан.
Байқау нәтижесі бойынша облыс командасы қарсылас командаларын басып озып, Лондон қаласындағы Крэнфилд университетіне бір аптаға оқу жолдамасына ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: