Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖУРНАЛИСТЕР ЖАҢА НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ


Кәсіпкерліктің қарқынды дамуы қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына сеп болып отыр. Жаңа жұмыс орындары, ішкі нарықты қамтамасыз ету кәсіпкерлікті қолдау жылында айрықша маңызға ие. Осы тұрғыда Қызылорда қаласында жаңадан ашылған кәсіпорындар мен кәсіпкерлік нысандар ел игілігіне берілуде. Тіршілігі қыз-қыз қайнап жатқан кәсіпорындардың жұмысымен қалам ұстаған қауым танысып қайтты.
Тілшілер алдымен «Жан-Арай Жем» ЖШС қызметімен танысты. 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын
«Жан-Арай» ЖШС ауылшараушылығы үшін түйіршіктелген құрама жем шығарып, күрішті қайта өңдеумен айналысады. Жобаның жалпы құны 60 млрд теңгені құрайды. Зауыт аумағында күнделікті 150 тонна күріш өңдейтін құрал-жабдық, дайын өнім мен шикізат сақтайтын қоймалар, автотаразы, зертхана, қаптама цехы, ұн тартатын диірмен мен макарон өнімдерін шығаратын құрылғы бар. «ЖанАрай Жем» кәсіпорыны құрама жем шығарумен қатар өз оқу орнын ашты. Маман даярлау ісінде жаңа жол салмақ.
Келесі нысан жаңадан ашылған шұлық өңдіру цехында жалғасты. Базар нарығынан төмен бағада тігілген шұлықтың нарықтағы құнын 150 теңгеге бағалапты. Әзірге 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер шаруасын «Бизнестің жол картасы 2020» Мемлекеттік Бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы қаржыландырып отыр.
Шұлық өндіру бойынша цехтың өнімділік қуаттылығы күніне 300 данаға жеткен. Ер және әйел, балаларға арналған шұлық түріне қазірден сұраныс жақсы.
Журналистер шыны зауытының қазіргі қарқынымен де танысты. Аймақ үшін ең ірі зауыттың бірі болғалы тұрған кәсіпорын ел экономикасына үлес қоспақ. Тілшілерге мамандар шыныны шығару технологиясын таныстырды.
Жалпы БАҚ өкілдері қаладағы кәсіпкерлік нысандарын аралай келе, аймақтағы кәсіпкерліктің даму бағытын айқындап қайтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: