Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СТУДЕНТТЕР АҚЫЛДЫ ҮЙ ЖОБАСЫ ЖАСАДЫ


Қызылорда қаласындағы С.Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжінің өнді­рістік оқыту шебері Әділет Жүсіпов студенттермен бірге телефон арқылы басқарылатын ақылды үй жобасының тиімді­лігін сөз етті.
Жобаға жігіттер "Smart Home" деп атау берген. Басты ерекше­лігі электр энергиясын смарт арқылы басқаруды, төтенше жағдайларда үй иесіне смарт арқылы хабарлама жібере алады.
- Қызмет бабымен басқа қа­ла­ға кетіп қалсаңыз, үйіңізге сырт адамның бейнесі сіздің телефоныңызға бейнекамера ар­қы­лы түседі. Ол үй ішіне кіріп, камераны өшіріп тастаған жағдайда да барлық әрекеттер сіздің телефоныңызға сақталады. Тағы бір жақсы тұсы, үйдің қауіпсіздігіне симулятор ар­қылы сіздің көлеңкеңізді сырт адам көріп, үйде бар деп ойлай алады. Яғни, бұл қауіпсіздік үшін аса қажет. Бағдарламаның нарықтағы құны 800 мың теңге. Біз өзіміздің идеямыз арқылы құ­рыл­ғыны 100 мың теңгеге жасап шы­ғардық,- дейді Әділет Жүсіпов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: