» » ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИГІЛІГІН КӨРДІ 

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИГІЛІГІН КӨРДІ 

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Бүгінгі күннің басты талабының бірі – инвестициялық жобаларды жүзеге асыра отырып, ел өміріндегі елеулі істерге жол ашу. Осыған орай аталмыш бағытта қалада жүйелі істер атқарлып келеді.
Сол жүзеге асқан жобалардың нәтижесінде ел игілігіне айналған жарқын бастамаларға жол ашылды. Аталмыш жұмыстар индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында да ауқымды жобалар қолға алынуда.
Бүгінгі күні қалада индустрияландыру картасына енгізілген 8 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы құны – 229 млрд. теңге. Олардың арасында 1-і республикалық картаға енгізілсе, қалғаны өңірлік карта бойынша қолға алынып отыр. Бұл жұмыстар толық іске қосылғанда 1 мың 540 адам еңбекпен қамтылатын болады.