Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АСТАНА - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖЕМІСІ


Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде өткен «Астана – Тәуелсіздіктің жемісі» деп аталған салтанатты шараныС.Майқанова атындағы мәдениет үйі ұйымдастырған.
Онда «Мереке» вокальды-аспапты ансамблі, облысқа танымал басқа да әншілер мен бишілер өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама мерекелік отшашуға ұласты.
Астананың айшықты мерекесіне арналған «Асқақ төрім – Астана» атты салтанатты шара Қызылорда қаласының орталық алаңында кең көлемде ұйымдастырылды. Онда қала әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановқұттықтау лебізін жеткізді.
Мереке қарсаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында және Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай дәстүрлі «Ел іші – өнер кеніші» атты елді-мекендер арасында қалалық байқау ұйымдастырылған еді. Аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша «Өнерлі ұжым» номинациясымен Қарауылтөбе ауылдық клубы, «Таланттар тұғыры» номинациясымен Ақсуат ауылдық мәдениет үйі марапатталды.
Айшықты күнде жергілікті өнерпаздар Астана, туған жер, Отан туралы әндерді жанды дауыста шырқап, бишілер мың бұрала би биледі. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Жұртшылықтың жанын жадыратып, шаттығын еселеген іс-шара қала аспанын арай-нұрға бөлеген мерекелік отшашумен түйінделді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: