Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТУДЕ


2018 жылдың 6-7 желтоқсан аралығында Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты №2 «Мұрагер» мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңі өтуде. Олимпиада 13 ғылым негіздері пәндері бойынша өткізіледі.
2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың І /мектепішілік/ кезеңіне 54 мектептен 8-11 сынып оқушылары арасынан 5536 оқушы қатысқан болатын.
Қалалық кезеңге бөлімге қарасты білім ошақтарынан 8-11 сынып оқушылары арасындағы І (мектепішілік) кезеңде жеңімпаз атанған 1558 оқушы ІІ (қалалық) кезеңге қатысты. Оның ішінде қазақ бөлімінде оқитын 1380, орыс бөлімінде - 178 оқушы өз білімдерін сынайды.
Республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңінің І орын жеңімпаздары 2019 жылдың 5-6 қаңтар күндері өтетін ІІІ облыстық кезеңге қатысады.
Айта кететін жайт, былтырғы 2017-2018 оқу жылының олимпиада жетістіктері: облыстық кезеңге қатысқан 32 оқушыдан 26 жеңімпаз атанды, оның 16 - Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне жолдама алды. 8 оқушы жүлделі орындар иеленді, оның ішінде 2 І орын иегерлері бар.
Биыл оқу жылында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі наурыз айында Сыр өңірінде өтеді деп жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: