Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ


Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты №264 мектептің мәжіліс залында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен өткізілетін кеңейтілген мәжіліс өтті.
Мәжіліске Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова, Облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Қ.Сыздықова, Қызылорда облысының білім сапасын сырттай бақылау департаментінің бөлім басшысы А.Мырзағалиева, Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы А.Шуақбаева, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Б.Дүйсенбаева, Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Р.Қайрақбаев, қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов, Қызылорда қаласының білім бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Ж.Камитбекова, Қызылорда қаласына қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарыны басшылары қатысты.
Мәжілістің мақсаты-мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын ораналстыру үшін келісім-шарттарын тиісті стандарттарға сәйкестендіру, балабақшада тәрбиеленетін балалардың құқықтарын бұзылмауын алдын алу. Білім, денсаулық сақтау, өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қатаң бақылауға алу.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: