» » БІРЫҢҒАЙ ОҚУ САҒАТЫ ӨТТІ

БІРЫҢҒАЙ ОҚУ САҒАТЫ ӨТТІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні сағат 11:00-де қала мектептерінде ұстаздармен, жоғары сынып (9-11 сынып) оқушыларының қатысуымен академиялық тазалық мәселесіне арналған бірыңғай оқу сағаттары өткізілді.
Бұл шара Қызылорда қаласының білім бөлімі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілді.
Бірыңғай оқу сағаттарының мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың негізгі ережелерін,сондай-ақ оларды қалыптастыру мен дамытудың негізгі кезеңдерін жария ету.