» » ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ АТҚАРЫЛДЫ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ АТҚАРЫЛДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қызылорда қаласында түнгі жарықтандыру бойынша да атқарылған істер аз емес. Осының нәтижесінде облыс орталығы самаладай жарық күйге енді.

2013 жыл түнгі жарықтандыру жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 534,7 млн. теңге бөлінген еді. Оған облыс орталығында 44 көше, қалаға қарасты ауылдық округтерде ұзындығы 17 көше жарықтандырылды. Ал 2014 жылы Қызылорда қаласындағы 31 көше қайта жарықтандырылды. Оған облыстық бюджеттен 445,2 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды. Сонымен бірге, қалалық бюджет есебінен бөлінген 24 млн. теңгеге ауылдық округтерде 9 көше жарықтандырылды. Ал 2015 жылы облыстық бюджет еесбінен 14 көше қайта жарықтандырылды.
Ал «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ұзындығы 3,7 шақырымды құрайтын 4 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды.
Мұндай иілікті шаралар 2016 жылы жалғасын тапты.
Тоқтыбаев көшесінен Абуов көшесіне дейінгі аралықта түнгі жарықтандыру орнатуға 5,2 млн. теңге бөлінді.
Ал «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде барлығы 9,1 млн. теңгеге қалаға қарасты 4 ауылдық округтердің (Қызылөзек, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Ақжарма) 4 көшесінің 3,2 шақырымына жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Ал 2017 жылы жалпы ұзындығы 5,9 шақырымды құрайтын 4 көшеге жарықтандыру жүргізілді. Оның ішінде: 0,9 шақырым болатын Автобус паркіне кірме жол бойына 30 дана жарық бағаналары орнатылды. 2,4 шақырым болатын Нұрорда ықшам аудан Жібек жолы көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін 77 жарық бағаналары орнатылды. Оған қоса С. Бейбарыс көшесінің бойындағы көпірдің түнгі жарық бағаналарын ауыстыру жүргізілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде барлығы Ақжарма, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Қызылөзек ауылдық округтерінде 9,7 млн. теңгеге ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын 4 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.