Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАНЫ ГАЗДАНДЫРУ ІСІ ЖАҚСАРДЫ


Бүгінгі таңда Қызылорда қаласын газдандыру жағдайы жақсарды.
2015 жылы Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде газдандыру жұмыстарына 2 млрд. 156,9 млн. теңге бөлініп, 115,4 шақырым газ құбырының құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 5 мыңнан аса тұрғын үйлер және 12 әлеуметтік нысан газбен қамтылды.
2016 жылы 271,2 млн теңге қаржыға Талсуат ауылдық округін газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп, 55 тұрғын үй және 1 әлеуметтік нысан газбен қамтылды.
2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 317,7 млн теңгеге Белкөл кентін газдандыру жұмыстары жүргізіліп, 830 тұрғын үй, 4 көпқабатты тұрғын үй және 5әлеуметтік нысан газбен қамтылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: