» » ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨНІМ КӨЛЕМІ 30 488,5 МЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨНІМ КӨЛЕМІ 30 488,5 МЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қызылорда қаласында 1 қарашаға дейін өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 30 488,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 96,8 пайызды құрады.
Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 4,6 пайызы. Есепті мерзімде машина жасау саласы 11,3 пайызға артып, тамақ өнімдерін өндіру 96,3 пайызды, жеңіл өнеркәсіп 77,6 пайызды, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 99,1 пайызды, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру 97,4 пайызды, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 93,0 пайызды құрады.